Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемеровадағы өрт: Кинозалдың есігін кім кілттегені белгілі болды

Кемеровадағы сауда үйінің өртінде отбасынан айырылған ар адам сауда орталығының бейнебақылау камерасына түскен бейнежазбаны көріп, пікірмен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.


Өртте Игорь Востриковтың әйелі, әпкесі мен 3 баласы қаза болды. Оның айтуынша, кинотеатрдағы бір залдың есігі жабық тұрған. Ол шағымын желідегі парақшасында жазды.
Востриков СО-ның бейнебақылауындағы жазбаға қол жеткізген. Өрт болған кезде бір залда ғана мультфильм көрсетіліп жатқан. Қалғандары бос болған.

“Белгісіз ер адам есікті құлыптап, саңылауларды бітеп, құтқарушыларды күтеді, бірақ олар ол жерге келмеген”, – дейді ол.

Оның айтуынша, есікті құлыптаған ер адам адамдарды құтқара алатын еді.

Сонымен қоса Востриковті мынадай сұрақ мазалаған, неге ғимараттағы өрт сөндіру құрылғылары қолданылмаған.

Востриков өрт сөндірушілердің оқиға орнына уақытында келгеніне күмән келтірді.

Айта кетейік, “Зимняя вишня” СО-дағы өрт нәтижесінде 70-тен аса адам қаза тапты, оның 41-і балалар.

Тағы оқыңыз:

Боянбаған американдық әншіні ешкім танымай қалды

Танымал Корей әншісі өз үйінде өлі күйінде табылды

Кемеровадағы өрт кезінде сауда орталығы қызметкерлерінің чаттағы жазысқан хаттары жарияланды

Кемеровода өртенген сауда орталығының орнына ескерткіш ретінде ағаш отырғызу ұсынылды

Талқылау