Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келін міндетті" дегенді қояйық": Ерке Есмахан ене мен келін тақырыбын қозғады

Танымал әнші Ерке Есмахан келін мен ененің қарым-қатынасына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі келін де, ене де мінсіз емес деген пікірді алға тартты. 

“Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы "келінім оңбады, сендей болғанда ғой" деп, келіндер жағы "енеммен сыйыса алмаймын, сыйлық сыйламаймын" деп жазып жатыр. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала – айна! Енелер, өтініш, "келіндер маған міндетті" деген ойды қояйық. Келіндеріңізге өз өздерін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты. Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата енелеріміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық”, – деп жазды мега жұлдыз. 



Айта кетейік, өнер иесі Instagram-дағы парақшасында күйеуі Raim-ның ата-анасы келгенін хабарлап, оларды қалай күтіп алғанын көрсетті. Сонымен қатар атасының көлік жүргізуге қатысты ескертуін де айтып берді. 

“Мейрамханадан шықтық. Өзім көлік жүргізіп келе жатырмын. Папам мен мамамды үйге алып бара жатырмын. Кешкі салқынмен қайтып бара жатырмыз. Күйеуім өз көлігімен. Папам маған көлікті қатты жүргізесің деп ескерту жасады. “Мен Raim қатты жүргізеді деп, оған ұрысып жүрсем. Саған ұрысу керек екен, қызым" деді атам”, – деп әзілдеді әнші.

Еске салайық, өнер иесі сәбиі туралы жалған ақпарат таратқандарды жазалайтынын ескерткенін жазған едік. 

Талқылау