Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.

Қазақстандықтар байланыс бағасының қымбаттауына шағымдана бастаған. Агенттік дерегінше, 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7% - дан 57,3% - ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталған.



“Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген”, – дейді агенттік.

Бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын. Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.

Талқылау