Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазіргі жағдай соғысқа алып барады": Донецк пен Луганскіде атыс пен жарылыстар басталды

18 ақпан күні кешке Донецк пен Луганск халық республикаларында бірнеше ірі жарылыстар орын алды. Жергілікті БАҚ өкілдері Донецкте тұрақта тұрған көлік жарылды деп мәлімдеді. Ал Луганскіде газ құбыры мен газ құю бекеті жарылған. Қазір бейбіт тұрғындарды Ресей аумағына эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеме жасап. 

Донецк

Бұған дейін Донецк пен Луганскіде Украинаның қарулы жасағы атыс бастағаны туралы хабарланған еді. Ал 18 ақпан күні түнде тұрғындардың алғашқы легі аймақтан шығарылған. 

Донецк тұрғындарын Ресейдің Ростовск облысына эвакуациялауда. Кейінірек өзге аймақтар да босқындарды қабылдауға дайын екенін жеткізді. Олардың қатарында Архангельск пен Челябинск облыстары бар. 

"Донецк пен Луганкскіде орыс азаматары көп, олар шұғыл жағдайда туған мекендерін тастап кетуге мәжбүр. Қазір бірінші кезекте бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін ойлау керек. Біздің президентіміз осы республикалардағы босқындарды қолдау жөнінде мәлімдеме жасады", - деді Архангельск облысының губернаторы Александр Цыбульский. 

Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі Донецк пен Луганскі тұрғындарының Ресейдің өткізу пункттерінен автобус және жеке көлікпен өте алатынын жеткізді. Қазір 25 мыңға жуық адам Ресей шекарасынан жеке көлікпен өткен. Сонымен қатар Ресей билігі шекарадан азаматтардың кез келген төлқұжатпен өтуге болатынын қосып өтті. 



Ал азаматтар эвакуацияланған Ростовск облысында жоғары дайындық режимі енгізілген. Донбасспен шекарада 15 бақылау-өткізу пункттері жұмыс істеп тұр. 

Ал 19 ақпанда темір жол құрамы қосылмақ. Әр құрамда 10 вагон болады. Бұл босқындарды шығару үшін пайдаланылады. 

Тұрғындарды эвакуациялаумен қатар жергілікті билік 18 ақпаннан 19-на қараған түні тоқтаусыз атыс болғанын айтқан. Кей дерек көздерінде украиналық әскерилердің Васильева, Докучаевск, Первомайск елді мекендері мен Металлист, Славяносербск, Зайцево ауылдарын атқылағаны айтылған 

Түнде бірнеше жарылыс та естілген. Кейін мұның газ құбыры екені анықталды. 

Украинада орын алған жағдайдан кейін АҚШ президенті Джо Байден брифинг кезінде Донецк пен Луганкскі атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. 

"Бір апта көлемінде бір ресейлік сепаратистердің Донбасстағы Украинаны арандату үшін атыс режимін тоқтату режимін бірнеше рет бұзғанын байқадық", - деді Байден.

Айта кетейік, бұған дейін өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск республикаларының басшылары халқын Ресейге эвакуациялайтынын хабарлаған еді. Олар мұны Украина тарапынан төнген қауіптің күшеюімен түсіндірген.

Талқылау