"Қазынаға 2,8 млрд түсті": Қаржы вице-министрі Қазақстан газ транзитінен қанша пайда тапқанын айтты
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан газ транизтінен қанша пайда табатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда айтты.
Біржановтың айтуынша, Өзбекстан газды біздің ел арқылы Қытайға жеткізеді. Министр орынбасары транзиттік тасымалдау елдегі мекемелердің табысын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.
“Қазақстан арқылы транзит жүріп жатыр. Бұл біздің газ емес. Транзитті тасымалдау кезінде біздің мекемелер өздеріне табыс табады. Кейін құн, корпоративтік салығын төлейді. Қазіргі таңда 14 тамыздан бастап транзит декларациясына сәйкес 6 айлық есептік көрсеткіш бойынша құн енгіздік. Соның барысында бір айдан астам уақытта 2,8 миллиард теңге қазынаға түсті”, – деді вице-министр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған