Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қажылыққа 40-тан асқандар ғана баратын болды

Бұдан былай қажылыққа аттанатындардың жасына шектеу қойылады. Тәжікстанда Үкімет шешімі бойынша енді қасиетті мекенге қажылық жасау тек 40 жастан асқандар үшін ғана қолжетімді болмақ.

11685539

Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

Ескерте кетейік, қажылық сапарына байланысты жас шектеуі тәжік елінде осымен үшінші рет енгізіліп отыр. 2010 жылы Тәжікстан билігі кәмелетке толмағандар мен 80-нен асқан қарияларға қажылық жасауға тыйым салған болатын.

Ал, бірнеше жыл өткен соң 35 жасқа толмағандарға тыйым салынды. Былтырғы жылы Тәжікстан мемлекетінен қажылық сапарына 6 000 жан аттанған екен. Елдің Дін істері комитеті жыл сайын Сауд Арабиясы билігіне бөлінетін квота санын көбейтуді сұрап келе жатқанымен, әзірге көңіл көншітерлік жауап ала алмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Жас түлек жанжалдан кейін алтын белгісін қайтарды, ал оның шенеунік шешесі жұмыстан қуылды

Адамшошырлық видео: анасы мен ұлы айналмалы дөңкелектен құлап кетті (видео)

Қазақстан әскерлерін Сирияға жіберу ұсынылды

Небәрі бір әйелі бар: Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері туралы қызықты деректер

Талқылау