"ҚазАвтоЖол" жолға жеңіл көліктен құм шашып жүрген ер адамның әрекетін түсіндірді (видео)
Әлеуметтік желіде ер адамның жеңіл көліктің жүк салғышындағы құмды мұз қатқан жолға күрекпен шашып жүрген видеосы тарады. Күрекпен құм шашып жүрген ер адам жол учаскесінің бастығы болып шықты. “ҚазАвтоЖол” видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, 19-20 желтоқсан күндері "Самара-Шымкент" тас жолының 541 шақырымында қар мен көктайғақ салдарынан көлік кептелісі пайда болған.
“Жолды тазарту үшін арнайы техника жұмыс істейді. Бірақ қозғалыс қарқындылығына байланысты, арнайы техника жұмысты оңтайландыра алмады. Жол учаскесінің басшысы жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шұғыл шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Компания жолдың басқа учаскелерінде арнайы техника тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.
Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" қыста жолдардың жабылуына қатысты жауапкершілікке тартылды деген ақпаратқа түсініктеме берген еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды