"ҚазАвтоЖол" компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Дархан Иманашев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Дархан Иманашев 1983 жылы Қарағанды обылысында дүниеге келген.
Жол қозғалысы инженері мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және құқықтану мамандығын "Болашақ" Қарағанды актуальді білім институтында тәмәмдаған. Техника ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласында жол шеберінен бастаған. "Қазавтожол" РМК, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарған.
Қарағанда қаласы әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар