Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың туын жоғары көтергеніме бақыттымын": Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жеңісі туралы

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін октагондағы сұхбат кезінде туған күніне ең жақсы сыйлық жасағанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның қарсыласы бірінші раундқа да шыдай алмады. 26 жастағы Рахмонов гильотина әдісімен жеңіп, кез-келген қарсылас бұл әдіске қарсы тұра алмайтынын атап өтті.

"Мен үшін өте қобалжулы сәт! Мен Қазақстанның туын жоғары көтергеніме өте қуаныштымын. Еліміздің намысы үшін жеңісті қолдан бермедім. Қарсыласым өте тәжірибелі боксшы. Әдіс тез әрі мықты болды. Оның орнында кім болса да шыдай алмас еді", - деді Рахмонов.

Сондай-ақ, боксшы алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Мен үйге барып, демаламын. Қазақта асықпаған арбамен қоян алар деген сөз бар. Кеше менің туған күнім болды. Бұл өзім үшін ең жақсы сыйлық", - деп мойындады спортшы.

Еске салсақ, қазақстандық Рахмонов UFS-да бразилиялық Оливейроны мерзімінен бұрын жеңді. Ал осы турнирдің басты жекпе-жегі ресейлік чемпион Хабиб Нұрмагомммедов пен АҚШ-тың уақытша чемпионы Джастин Гэтжи арасында өтті. Хабиб жеңіске жетті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр