"Қазақты жолықтырғаның, бауырыңды кездестіргенің". Рамзан Қадыров Қазақстанды мақтады
Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардың қолдауын жоғары бағалайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шешендердің нақыл сөзінде шын достық қиыншылықта білінеді және одан қымбат ешнәрсе жоқ деп айтылады. Сондықтан шешендер қиын-қыстау кезде көрсетілген көмек пен қолдауды жоғары бағалап, бұл туралы ешқашан ұмытпайды, - деп жазды Қадыров. Оның айтуынша, шешендер мен қазақтардың достығы шешен халқы үшін ең қиын және қайғылы күндерде басталған.
Қадыров қазір Шешен республикасы Ресейдің ең әдемі және гүлденген аймақтарының біріне айналғанын айтты.
Рамзан Қадыров: Менің Қазақстанға, қазақ халқына деген қарым-қатынасым ерекше (видео)
"Шешен Республикасының басшылығы Қазақстанның қазіргі басшылығымен, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен дәстүрлі түрде бауырластық қатынаста. Шешен Республикасы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар нығайып келеді. Бүгінде Қазақстанда тұратын шешендердің дамуына, мансабына, мәдениеті мен тілін сақтауға барлық жағдай жасалған. Ахмат-Хаджи Кадыровтың өзі туып-өскен жеріне жақын жерде орнатылған ескерткіші үшін ерекше алғыс. Шешендер арасында: "Егер сен қазақты кездестірген болсаң, онда сен өзіңнің бауырыңмен танысқаның", - деген сөз кең таралған. Шешен мен қазақ халықтарының арасындағы бауырластық пен достық нығая берсін!" - деп сөзін аяқтады республика басшысы.