"Қазақтелекомға" тиесілі тағы бір ұялы байланыс операторы сатылмақ
"Қазақтелекомға" тиесілі тағы бір ұялы байланыс компаниясы сатылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды
Тағы бір ұялы байланыс операторының сатылуы туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді. Бұл байланыс нарығындағы монополияны тоқтату үшін жасалып жатыр дейді мамандар.
"Мемлекет Tele2 активін сатты. Біз Kcell активін де сату мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Осыған дейін 4 ұялы байланыс операторы болған еді. Бәсекелестік те жоғары болатын. Біз нарықты бұрынғы қалыпқа келтіргіміз келеді”, – деді бәсекелестікті дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов.
Еске салсақ, осыған дейін Kcell ұялы байланыс операторын жекенің қолына беру ұсынылғанын жазғанбыз.
Ұялы телефоны "қара тізімге" енген қазақстандықтарға енді байланыс қызметі көрсетілмейді
Үйі, көлік, несиесі бар адам жәрдемақыдан қағыла ма: Қазақстанда жаңа отбасы санаты қалай анықталады
Министрліктің мәліметінше, отбасының санаты бір ғана жалақыға қарап анықталмайды
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады