Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтар да бұл тізімге іліккен": Германияда 9 адамды өлтірген адам геноцидке шақырған

Франкфуртта тоғыз адамды атып өлтірген неміс азаматы өзін және анасын өлтірмес бұрын интернетте үндеу жариялаған. Онда ол барлық «өзге мәдениет пен нәсіл өкілдерін қыруға» шақырған. 


 Билік қылмыскердің 43 жастағы Тобиас Р.  есімді азамат екенін анықтаған. Ол сәрсенбі күні кешке кальянханада, кафе мен қаланың басқа жерлерінде атыс ұйымдастырып, тоғыз шетелдік азаматты, соның ішінде түріктерді өлтірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме беріп.

Германияның канцлері Ангела Меркель бейсенбі күні елдегі ұлтшылдық көрінісін айыптап, елді бөліп-жармақшы болатындарға қарсы тұруға шақырды. 

«Қылмыскер экстремистік, ұлтшылдық көзқарастары негізінде әрекет еткенін дәлелдейтін дәйектер көп. Демек, діни ұстанымдары бөлек, өзге ұлт өкілдері мен нәсілділерге деген өшпенділігі болған»,-деді канцлер. 

Федералды прокурор Питер Франк лаңкестің өз сайтында видео мен 24 беттік өшпенділікке толы үндеухат жариялағанын айтқан. 


Тағы оқыңыз

Көпбалалы болуы, сақал өсіргені және хиджаб кигені үшін: Қытай билігі ұйғырларды жаппай түзету лагерьлеріне жабуда


«Жеке парақшасына ақылға қонымсыз, қастындыққа, ұлтшыл көзқарастарға толы видеоүндеу жариялаған»,-дейді Питер Франк. Сайтта ер адам өзін Тобиас Ратхен деп атады, бірақ елдің құпиялылық туралы заңына сәйкес қылмыскердің аты-жөнін жарияланбаған. Гесс штатының ІІМ Питер Беут қаруланған қылмыскердің осыған дейін сотқа тартылмағанын айтты. 

Өз үндеуінде қылмыскер мемлекет тарапынан бақылауға түсетінін айтып қорқынышын білдірген. Өзін әйелдермен қарым-қатынасы болған деп айыпталуы мүмкін екенін жеткізген. 

Ол жазбасында өмірінде ешқандай әйел, тіпті құрбыларының да болмағанын атап өткен.

Соңғы 18 жылда әсіресе ешкіммен байланыспаған, оның себебін өзін кейін түбегейлі зерттейтінін білгендіктен деп түсіндірді. 

Сондай-ақ,  қылмыскер адамдарды геноцидке шақырған. Қазір әлемде түрлі ұлт, этникалық топтар, мәдениет бар, олардың бәрі барлық жағынан қауіпті деген ол, өз сөзінде әлемді "тазалау" керек екенін айтып, сол арқылы халық санын екі есеге қысқартуға болатынын айтады. 

Аталған елдер толық жойылу тиіс: «Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Египет, Израиль, Сирия, Иордания, Ливан, Австралия аралдары, Түркия, Ирак, Иран, Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкистан, Ауғанстан, Бангладеш, Вьетнам, Лаос, Камбоджа и Филиппин аралдары», - деп жазады ол.

Ол Ирак пен Ауғанстанға басып кіруді қоса алғанда, нақты оқиғалар, сондай-ақ «Жұлдызды әскер» ("Starship Troopers",“Look Who’s Talking” ) сияқты голливуд фильмдерінің сюжеттері оның идеялармен астасатынын айтты.

Автор сонымен қатар президент Трамптың позициясын мақұлдағанын жазған.

YouTube-та жарияланған  видеосында Ратхен барлық американдықтарға ағылшын тілінде сөйлеп, жасырын әскери базалардағы балаларды қорлау, түрлі жоралғы әрекеттері орын алатынын айтып, адамдарды сары басылымдарға  сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, сәрсенбі сағат 10:00-де қылмыскер кальянханаға оқ жаудырып, бірнеше адамды жаралап, кафе, даладағы адамдарға оқ атқан. Көз жұмғандардың бесеуі түріктер болғанын Түркия елшісі айтты. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қиян-кескі шабуылды айыптап, Германия билігі жағдайдың  барлық аспектілерін анықтауға күш-жігерін салатынына сенім білдірді. Ал қылмыскер кейінірек үйінде анасымен бірге өлі күйінде табылды.

Билік оның жалғыз әрекет еткенін айтса да, федералды прокурор «Тергеудің мақсаты қылмыскердің шабуылды жалғыз ұйымдастырып-ұйымдастырмағанын білу, оны қолдайтын адамдардың бар-жоғын анықтау» екенін жеткізді.

Талқылау