Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандар көзіне жас алды: Димаш концертімен Америка жұртын аузына қаратты

Димаш Құдайберген көрермен лық толған Нью-Йорктың Barclays алаңында өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақтар көзіне жас алды: Димаш концертімен Америка жұртын аузына қаратты

Қазақстандық танымал әнші Arnau tour Envoy концерттік бағдарламасы аясында ән шырқаған еді. Сүйікті әншісінің концертіне жұрт бірнеше сағат бұрын жиналып алыпты. Ерте келген олар ең жақсы деген орындарға жайғасқан. Өздерін Dears деп атайтын әншінің тыңдармандары әлемнің 50 мемлекеті мен АҚШ-тың 40 штатынан жиналыпты. Олардың әнщінің өнерінен әсер алғаны соншалықты көз жасын да тия алмаған. 

"Сіздердің қолдауларыңыз үшін көп рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Бұл менің Нью-Йорктегі алғашқы концертім. Бүгін менің арманым орындалды", - деді Димаш концер барысында. 

Сөзінше, қазақтың мәдениетін әлемге таныту оның бала күніндегі арманы болыпты. 

Әншінің әрбір әні тыңдарманның ықыласына бөлініпті. Ал Димаш S.O.S. атты әнді шырқаған кезде Батырхан Шүкенов, Брюс Ли, Курт Кобейн, Эми Уайнхаус сынды өмірден өткен әртістердің суреттері көрсетіліпті.  Бұған қоса әртіс қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде ән айтқан. 

ҚР-ның мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен АҚШ-тағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында өткен Димаштың концерті еліміздің тарихында орын алды деп айтсақ қателеспейміз. 

Әншінің киім образы, визуалды безендіру барлығы да Қазақстанның мәдениетін ашып көрсете алды.

Димаш Құдайбергеннің концертіне мәдениет және спорт минситрінің орынбасары Елдос Рамазанов та келген көрінеді.

"Қазақстан дарынды, талантты жастарды қолдап келеді. Димаш сол жастардың бірі. Бұл оның министрліктің қоладуымен ұйымдастырған бірінші концерті емес. Естерңізге салатын болсам, бұған дейін Димаш былтыр Лондонда өнер көрсеткен еді. Біз сіздермен әлемдік жарық жұлдыздың пайда болуының куәсіміз және ол адам қазақстандық әртіс болмақ", - деді Елдос Рамазанов. 

 

(Сурет пен видеолар Димаш Құдайбергеннің ВК желісіндегі Eurasian Fan Club тобынан алынды)

Талқылау