Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтар техника саласының мамандарына айналуы қажет": Тоқаев "Болашақ" бағдарламасы қайта бағдарланатынын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы білім беру реформалары және "Болашақ" бағдарламасына қатысты түбегейлі өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жастар кенес

"Елімізде білім беру жүйесін қайта өзгерткім келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. тым көп дайындаймыз. Біз қазір білім беру жүйесін техникалық бағытқа ыңғайластыруымыз қажет. "Болашақ" бағдарламасы қайта бағдарлаймыз. Біздің жастарды оқуға, соның ішінде Ресейге де жіберетін боламыз. Мүмкін, бірінші орында Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жіберетін шығармыз", – деді Тоқаев.

Ол техникалық мамандықтарды оқытатын әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырмаcы тура қайталап өтті.


Тоқаев: Қазақстандықтар жоғары жалақы талап етеді деп, шетелдік жұмысшыларды әкелу дұрыс емес 


"Жас қазақтар техника саласының мамандары болуы керек. Бұған кәміл сенемін. Үкімет осы мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі қарастырғаны жөн. Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт салып, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген мың қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі", – деді Тоқаев.

Президент бұл бизнестің жауапкершілігінің бірі болуы керек екенін атап өтті.

"Бұл үшін сіздерде барлығы бар. Капитал, тәжірибе, басқарушылар тобы, нарықтағы жағдайды көре білу қабілеті", –  деді ол.

 

Талқылау