Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ пен тұман: Еліміздің жеті аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада тұман күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанайда күндіз боран соғады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/ске жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде 35-38 градус қатты аяз күтіледі.

27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

27 ақпанда түстен кейін Ақмола облысының батысында бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады.

Ақтөбеде күндіз бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде.

Талқылау