Қазақстанның жағдайы да мәз емес: Қырғызстанда COVID-19-дан болатын өлім-жітім бойынша ең нашар нұсқа күтілуде
Қырғызстанда COVID-19-дан болатын өлім жағдайы бойынша ең нашар жағдай болады деп күтілуде. Бұл туралы The Lancet беделді медициналық журналында жарияланған ғалымдар тобының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Зерттеушілер тобы 2021 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында әлем мемлекеттерінде 100 мың адамға шаққанда коронавирустың өлім-жітімін модельдеді.
Зерттеу нәтижесінде, Қырғызстанда ең жоғары – 100 мың адамға шаққанда 256-дан 512 адамға дейін өлім тіркелетіні анықталды.
Айта кетейік, төменде келтірілген картаға сәйкес, Қазақстанда COVID-19-дан болатын өлім-жітімінің әлемдегі ең жоғары деңгейінің бірі болжануда – 100 мың тұрғынға шаққанда 128-ден 256 адамға дейін.
Ресей, Украина, Өзбекстанда және посткеңестік кеңістіктегі басқа елдерде жағдай айтарлықтай жақсы.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"