Қазақстанның Вьетнаммен визасыз режимі күшіне енді
Қазақстандықтар енді Вьетнамда 1 ай визасыз жүре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: aa.uz
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим 25 мамырдан бастап күшіне енді.
"Келісім бойынша екі елдің азаматтары үшін визалық талаптар алып тасталды. Енді азаматтар келген күннен бастап 30 күн жүре алады. Яғни әр алты айда 90 күн Вьетнамда болуына рұқсат", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
2023 жылы тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барып, визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
Қазақстандықтар Вьетнамда визасыз жүре алады, вьетнамдықтар Қазақстанда шекарадан өткен күннен бастап 30 күн және 6 айда барлығы 90 күн бола алады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойғаны айтылды.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан