Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш боксшысы әлемдік рейтингтің ТОП-ондығына кірді

Boxrec.com сайты Америка өкілі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) ресми түрде суперорта салмаққа ауысқаннан кейін орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы

Орта салмақ рейтингінің ТОП-ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO-нің толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО).

Орта салмақтағылар тізімінде Головкин бірінші орында тұрса, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов – тоғызыншы.

Айта кетейік, ТОП-10-ға ең көп боксшы Қазақстаннан еніп отыр. Өзге елдерден алғашқы ондыққа тек бір боксшыдан қосылған: кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Хайме Мунгия (40-0, 32 КО, Мексика), Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы), Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО, Украина), Майкл Зерафа (30-4, 19 КО, Аустралия), Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО, Куба / АҚШ), Винсент Файгенбутц (34-3, 30 КО, Германия).

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді. Боксшыны бұл жетістігімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Кейін Әлімханұлы төрт салмақта әлем чемпионы атануға Мемлекет басшысына уәде берді. Енді ол өз дивизионындағы басты қарсыласы - WBC белдігінің иегері Джермаллу Чарлоны (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шақырып отыр.

Ал Геннадий Головкин алдағы 17 қыркүйекте Сауль-Канело Альвареспен айқасына дайындық үстінде.

Талқылау