Қазақстанның төрт облысында құс өлімі тоқтады
Қазақстанның төрт облысында құс өлімі тоқтады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тәуліктің динамикасы өлім-жітімнің төмендеуін көрсетеді. Сонымен, өткен тәулікте өлім-жітім Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкентте тоқтады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім деңгейі төмендеуде", - деді ол.
- "Бұл құс тұмауы емес": Екібастұзда торғайлардың не себепті өліп жатқаны анықталды
- СҚО-да 256 мың құс "ауа жетпей, тұншығып өлген"
Жалпы, құстың өлімі 7 облыстың 41 ауданындағы 99 елді мекенде тіркелді. 23 854 бас жеке шаруа қожалықтарында жойылды. Екі құс фабрикасындағы өлім-жітімді есепке алғанда, өлген құстардың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.
Еске салсақ, депутаттар Қазақстандағы құс тұмауы эпидемиясының себебін атады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"