Түркістан облысында пойыз жолына бес жасар бала шығып кеткен

Түркістан-Шиелі учаскесіндегі Шорнақ станциясының маңындағы рельске бес жасар бала шығып кетті. Алматы-2-ден Саратовқа баратын №7/8 жолаушылар пойызының машинисі пойызды тоқтата алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пойыз сағатына 70 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда, локомотив бригадасы баланы байқап, апаттық тежегішті басты. Қайғылы жағдайдың алдын алды. Пойыз төрт минутқа кешікті.
"Жол бөлігі қоршалған. Бала ересектердің бақылауынсыз қауіпті аймақта болды", – делінген хабарламада.
ҚТЖ ата-аналарды балаларын рельс маңында қараусыз қалдырмауға және оларға теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге шақырады.
Оқыңыз