Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда өткен бокстан әлем кубогынан Қазақстан үш алтын медаль жеңіп алды

Графеева мен Жүсіпов
Фото: Бокс федерациясы

Тағы екі қазақстандық боксшы Қытайдағы бокстан әлем чемпионатын жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Боксшы Абылайхан Жүсіпов 70 келілік финалда үндістандық Дипакпен кездесіп, бірауыздан төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Виктория Графеева 60 келілік санатта Тайбэйден келген Олимпиада чемпионы Ю-Тинг Линді жеңді.

Сонымен қатар үш қазақстандық спортшы турнирді қола медальмен аяқтады. Үшінші орынды Аида Әбікеева (65 келі), Валерия Аксенова (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) иеленді.

Әлем кубогы кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Енді Санжар Ташкенбай (50 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін бақ сынайды.

Еске салсақ, Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алғаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 21 Маусым, 2026 15:11