Түркістан облысында түлектердің кортежі қауіпті маневр жасап қоғам назарына ілікті

Түркістан облысы Кентау қаласында түлектер кортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған кортеждің видеосы полиция назарына іліккен.
"Тексеру нәтижесінде BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау ережелерін сақтамау фактілері тіркелді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция қызметкерлері түлектерге және олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті және заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.
Полиция қазақстандықтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырды.
Оқыңыз