Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: novos.mk.ru
Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтауда жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.
Ұлытау облысының шығысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде қарлы боран, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстігінде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін Қарағандыда қарлы боран соғады.
Қызылорда облысында шығыстан жел соғып, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылордада да шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17 метрге жетеді.
Ақмола облысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында және шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың шығысында жел екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, солтүстік-батыстан жел соғады. Петропавлда қарлы боран соғады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Бүгін сағат 21:00-ге дейін күтілетін қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты