Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан үш ауыл суармалы судан қағылды

Түркістан облысындағы Жиенбай, Кершетас және Ынтымақ атты үш ауылдың қызанақ, картоп, пияз және сәбіз алқаптары судың тапшылығынан шөлейтке айналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

егис дала

Ауыл тұрғындары бас біріктіріп суды өздеріне қайтаруды талап етті

Үш ауылдың тұрғындары жиналып, көпшілік алдында арнаны мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті. Арық жеке меншік иесінің қолында тұрған уақытта олар егістікті жеткілікті мөлшерде суарып, малға су бере алмайтынын айтады.

"Мен осы жылы картоп ектім. Ол арықта су бар болатын, мен енді суару жұмыстарына кірісер уақытта маған фирманың иесі келді де, егер мен суды пайдаланатын болсам жердің әр гектарына 25 мың теңге төлеу керектігімді айтты. Мен 100 мың теңге төледім. Ал саудадан маған ешқандай пайда болмады. Мен керісінше шығынға баттым", - дейді ауыл тұрғыны Серік Боташев.

Тағы бір елді мекен тұрғыны Керімжан Бейсенбаевтың айтуынша, арық 2005 жылы жеке меншікке сатылған.

"Егер ол суаратын арықты дұрыс ұстай алмаса, оны мемлекетке қайтарсын. Бізде жалғыз ғана талап бар: арықты мемлекет меншігіне қайтарсын", - дейді Бейсенбаев.

Биліктің арықты қайтаруға қаржысы жетпейді

Наразы жұртпен кедесуге мәселеге бұрыннан қанық Түлкібас облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов келді. Оның айтуынша, билік су жолын мемлекет меншігіне қайтаруға тырысқан, бірақ әзірше бұған ақша жоқ көрінеді.



"Компания өкілдері тәуелсіз бақылаушылармен бірге 205 миллион теңгеден астам қаражат сұрады. Бүгінде демеушілер есебінен арнаны тазалап жатырмыз. Бұдан бөлек, демеушілер есебінен халықты суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Жиенбай ауылы маңында қосымша артезиан ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді шенеунік.

Суармалы арықтың иесі айыптауларға жауап берді

Жиенбай арықғының иесі Абдуталип Сапаров аймақтағы су мәселесі тек оның кінәсінен емес екенін алға тартады. 

Ауылдар арқылы үш канал өтеді, солардың тек біреуі ғана жеке меншікке тиесілі. Қалған екеуінде де су жоқ.

"Мен бұл туралы облыс әкімдігіне хат жаздым, олардың айтуынша бұл каналдарда су болмайынша, мәселе шешілмейді дегенге саяды. Сондықтан барлығы Жиенбай каналынан су алуға мәжбүр. Бірақ осы жылы проблемалар туындады, көктемде су тасқыны салдарынан каналдың түбі мен жағалауы балшықпен бітеліп қалған. Сонымен қатар биыл су тапшылығы байқалады", - дейді "Масат Тау" кооперативінің төрағасы Абдуталип Сапаров.

Кооператив төрағасы мүмкіндігінше барлық тұрғындарға суды тегін беретінін мәлімдейді. Ол жыл сайын каналды тазартады, тіпті оны мемлекет балансына нарықтағы бағамен беруге дайын екенін жеткізді. 

Аудан әкімдігі суармалы арыққа сот арқылы бақылау алуға үмітті.

Талқылау