Қазақстанның кейбір аймағында шығарып салушылар әуежай мен вокзалдарға кіре алмайды
"Қызыл" аймаққа кірген өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушылар теміржол вокзалдары мен әуежайларға кіре алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалинаның жаңа қаулысында айтылған.
"Жоғары қауіпті "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде шығарып салушылар мен қарсы алушылар үшін әуежай ғимараттарына кіруді шектеу. Қауіпті "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде теміржол вокзалдары ғимараттарына шығарып салуға және қарсы алуға рұқсат етілмеген", - делінген құжатта.
Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 15 сәуірден бастап күшіне енеді
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі