Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады.
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.
Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).
Оның "Жас дәурен" өлеңдер, "Қаздар қайтып барады", "Сары жайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" әңгіме, повесть жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен" т. б. романдары, "Соңғы көш" оқырман қауымға жақсы таныс.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"