Қазақстанның ешбір державаға тәуелді болмауын Франция қолдайды – Макрон
Ақордада Эммануэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Францияның Қазақстанмен достығының маңыздылығын атап, ешқандай елге тәуелді болмайтын ел ретінде қолдайтынын алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әртүрлі факторлардың сіздерге тигізетін қысымына ешбір жағдайда баға бермеймін. Франция біздің достығымызды жоғары бағалайды. Біз қарым-қатынасымызды нығайтып келеміз. Сіздердің ешбір державаға тәуелді болмауыңыз бен халқыңызға қызмет ету үшін әртүрлі елдермен қарым-қатынас жасау стратегиясын Францияға қолдайды", - деді Макрон.
Макрон Францияның да достар таңдауды ұнататынын атап өтті.
"Біз оларды әрқашан құрметтейміз. Қажет кезде олардың жағындамыз. Тәуелсіздігін құрметтейміз. Егер жоғарыдан қарағысы келетін державалар болса, философиялық тұрғыдан, қолдайтын жақсы достардың болуы өте маңызды", – деді Франция президенті.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген