Қазақстанның ең үздік теннисшісі Сингапурдегі сайыста сынға түседі
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Singapore Smash турнирінде сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кирилл Герасименко ең беделді турнирлердің бірі саналатын Singapore Smash турнирінде Қазақстан атынан жалғыз қатысады. ITTF рейтингінде 40-орында тұрған отандасымыз әлемде үздік ондыққа енген Фан Жэндонг (Қытай), Ван Чуцинь (Қытай), Ма Лонг (Қытай), Лян Цзинкунь (Қытай) сынды сайыпқырандармен сынға түседі. Бұл турнирге жалпы есебі 298 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Кирилл Герасименко жақында ғана Пусанда өткен әлем чемпионатына қатысып, Қазақстан құрамасы үздік 24 команданың қатарына енуіне үлкен үлес қосқан еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"

