Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері қар жауып, күн суытады
Синоптиктер 7-9 ақпанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазгидромет” мамандарының мәліметінше еліміздің басым бөлігінде қар жауып, ауа температурасы төмендейді.
9 ақпанда шығыста қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
Еуропа аудандарының антициклоны әсерінен батыста және шығыста түнгі уақытта температура 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Күндіз батыста 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендейді.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген