Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, шаңды дауыл болады деп күтілуде

Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік жартысында тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең көктайғақ, күндіз солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста найзағай ойнайды.

Жетісу облысының басым бөлігінде 1-6 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1 градусқа дейін, Алматы облысында 1-3 градусқа дейін суық күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен екпіні 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 аяз, күндіз 6-8 жылы.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 градус жылы.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 20 Сәуір, 2023 21:01
Талқылау