AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы" қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Қиясов Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап мынадай тыйым шараларын енгізді:

- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;

- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталуы керек;

Ashyq жобасынан тыс:

  • құрылыс жұмыстарын жүргізуге;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;
  • жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт  жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
  • туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т.б.);
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етіледі;

5) "қоңыр қызыл" аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізіледі.

10. Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының әкімдері өз құзыретіне сәйкес осы қаулының 11-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) қалаларымен шекаралас аудандарда қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылданады.

11. Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Ashyq жобасын іске асыру мәселелері бойынша осы қаулыны басшылыққа алады және "жасыл", "сары" және "қоңыр қызыл" аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы болмайды.

12. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы №26, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулыларының күші жойылды деп танылады. 

Сонымен қатар бас санитария дәрігері мына кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылуын қаулы етті:

  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. моншалар, сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  10. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  11. облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  12. бильярд клубтары;
  13. концерт залдары;
  14. ерікті қатысушылар;
  15. караоке;
  16. көрмелер;
  17. океанариум;
  18. марафондар;
  19. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  20. әуежайлар;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  22. балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
  23. цирктер;
  24. отельдер, қонақүйлер;
  25. халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  26. теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
  27. (жабық және ашық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері,  сауда желілері;
  28. балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
  29. букмекерлік конторалар;

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр