Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияға қырыққабат жинауға кеткен Қазақстанның әлем чемпионы елден саяси баспана сұрады

Ақтаулық джиу-джитсу шебері, Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы, шетелге жұмыс істеуге кеткен Ильдар Ягяев Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Instagram.com/ildar_calisthenics

Ильдар Ягяев осыдан екі жыл бұрын Ұлыбританияға қырыққабат жинауға кеткен. Жұмыс істеп жүріп қазақстандық Ұлыбританиядан саяси баспана сұраған. 

“Ел алдында жасаған мәлімдемелерден кейін Қазақстанда менің өміріме қауіп төнгенді. Қорғану үшін саяси баспана сұрадым. Мұның барлығы шілде айында БАҚ беттерінде менің Англияға қырыққабат теруге кеткенім туралы ақпарат тарағанда басталды. Артынша бейтаныс адамдар түрлі нөмірлерден хабарласып, әлеуметтік желіге жазып, үйден, жұмыстан іздей бастады”, – дейді спортшы.

Ильдар Англияда алғашқы уақытта егістікте жұмыс істеген. Алайда онда да жүріп те бірнеше рет жұмыс орнын ауыстыруға мәжбүр болған.

“Мен футбол матчтарының стюарды, қара жұмысшы болдым. McDonald's-те жұмыс істедім. Заңдастырусыз жұмыс табу қиын. Маған саяси баспана берсе, жақсы жұмыс табуға болады. Достарым ұсынады. Өйткені мен Қазақстанда танымал фаст-фуд желілерінің директоры болып жұмыс істеген едім”, – дейді Ильдар Ягяев.

Бес жұмыс күнінде Ильдар 800 фунт алады (шамамен 518 мың теңге). Жұмысқа орналасқанда өтініш берушінің қабілеті мен дағдысы, сондай-ақ құжаттарының болуы маңызды. 

Қазір Ильдар сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Ол жұмысы аяқталған соң жаттығу залына барып, келушілерді жаттықтырады. Айтуынша, қазір балаларын, ата-анасы мен қазақтың ұлттық тағамдардын сағынған. Балаларын каникул кезінде Англияға алып келуді жоспарлап жүр. Спортшы шетелде қалғысы келетінін жасырмады. Алдағы уақытта дамуға көңіл бөліп, әлемді зерттегісі келетінін айтты.

Талқылау