Қазақстанда доллар бағамы 545 теңгеге жетті

Фото: depositphotos
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге көтеріліп, 541,93 теңгеге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі доллардың ресми бағамы – 538,64 теңге.
Дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 540,64 теңге, сату – 543,44 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа алғанда 537,48 теңгеден сатып алып, 544,48 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында теңгенің болашағына қатысты болжамын айтып,доллар бағамы орташа 540 теңге болғанын жеткізген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген