Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында, Семей қаласында күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.
Жетісу өңірінде түнде 1-6 градусқа дейін аяз сақталады.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел сақталады, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстікте оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с.
Ұлытау облысының орталығында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген