Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 5 өңірінде қалың тұман басады

Қазгидромет 2 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тұман

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады түнде желдің екпіні 17 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ болжанады.

Алматы қаласын да қалың тұман басады.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Ақпан, 2023 20:22