Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 13 облысы және Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 13 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз болады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталып тұр.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында өрт шығу қаупі жоғары.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с болады. Облыстың шөлейт аймақтарында аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде найзағай ойнайды, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік, түнде оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысымен солтүстігінде найзағай жарқылдайды, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал. Түнде оңтүстіктен соғатын жел батыста, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында және солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Абай ауданының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 14 мамырда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус аяз болатыны болжанып отыр.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, ал күндіз оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 14 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар, Қазалы ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдайды, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде батыста, облыстың солтүстігінде жел күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз болжанып отыр.

Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талқылау