Қазақстаннан заңсыз жолмен байланыс құрылғысын алып кетпек болған Ресей азаматы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған Ресей азаматын ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Шекара қызметі ақпаратына сүйенсек күдікті Ақтөбе облысының "Әлімбет" автокөліктік өткізу пунктінде ұсталған. "Ауди" автокөлігін тінту кезінде бірқатар байланыс құралы анықталды.
“Тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық "Sim-box" кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобилді байланыс операторларының sim-карталары табылды”, – делінген ақпаратта.

Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Аталған материал процессуалдық шешім шығару үшін полиция органдарына тапсырылды.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
