Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Нью-Йорк пен Токиоға тікелей рейс ашылады

Қазақстандық әуе компаниялары Шанхай, Токио және басқа да қалаларға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Көлік министрлігінің азаматтық авиациясының комитеті Қазақстаннан Нью-Йорк (АҚШ), Шанхай (Қытай), Гонконг, Токио (Жапония), Сингапур, Брюссель (Бельгия), Женева (Швейцария), Вена (Австрия) сияқты әлемнің ірі қалаларына тікелей рейстер ашылатынын мәлімдеді. 

Бұдан бөлек биыл қазақстандық әуе компаниялары Сеул (Корея), Прага (Чехия), Қазан, Сочи (Ресей), Милан, Рим (Италия) қалаларына рейстер ашылмақ.

Ведомство жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысы аясында "ашық аспан" режимі іске қосылғанын атап өтті. Бұл Қазақстанға рейстерге шектеулерді алып тастауға және кез келген мүдделі тасымалдаушыға қалаған бағыты бойынша ұшуға мүмкіндік береді. 

“Азаматтық авиация конвенциясының 7 "Каботаж" бабына сәйкес шетелдік авиакомпаниялардың ұшақтарына ел ішінде ұшуға рұқсат жоғын атап өтті. Осыған байланысты бүгінде Қазақстанның ішкі нарығында Air Astana компаниялар тобы, Qazaq Air, SCAT және “Южное небо” сияқты әуе компаниялары рейстерді жүзеге асырады”, – делінген хабарламада. 

Қазақстанның ішкі нарығында жаңа әуе тасымалдаушылардың пайда болуы әуе кемелері тұрағының кеңеюіне және ұшу тұрақтылығының артуына себеп болды. Бұл өз кезегінде әуе билеттері бағасының төмендеуіне әсер етіп, елдегі бәсекелестікке ықпалын тигізді.

Қазір Қазақстаннан 29 елге 109 бағыт бойынша рейстер орындалады. 2023 жылы 13 елге аптасына 63 рейс жиілігімен 21 бағыт ашылып және қалпына келтірілді. Атап айтқанда Тбилиси, Самарқан, Баку, Үрімші, Сиань, Бішкек, Шарм-эль-Шейх, Маскат, Манама, Лахор, Дели, Кутаиси, Анкара, Тель-Авив, Ханчжоу, Джидда қалаларына рейстер ашылып, қалыпқа келтірілді.

2024 жылдың басынан бастап Алматыдан Мумбайға (Үндістан) және Куала-Лумпурға (Малайзия) жаңа халықаралық рейстер ашылды.

Бұған дейін су тасқынына байланысты ұлттық ұланның тікұшағы Құлсары қаласына аттанған еді.

Талқылау