Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келмек
Ресейден Қазақстанға тағы 72 компания қоныс аударғалы жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазақстанға қоныс аударғалы отырған компаниялардың тізімі жасалды. Біз соңғы рет қысқартқанымызда 72 компания болды", - деді Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев.
Оның айтуынша, тізімде алдымен көшуге шешім қабылдаған компаниялар бар. Бірақ олар орналасатын жер іздеп жатыр.
"Көпшілік шекаралас аймақтар – Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысына келуді жоспарлап отыр. Ұсынысымызға 72 компания оң жауабын берді. 29 компания көшіп келді. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады", - деді Зебешев.
Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған панажай иесінің өлтірілгені белгілі болды
Жануарларды қорғаушылар ер адамның желке тұсынан оқ атқанын айтты
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған