Қазақстанға электромобильді салық төлемей қалай әкелуге болады: Құжаттар тізімі мен қойылатын талаптар

Фото: pixabay.com
Полицейлер Қазақстанға электромобильді кедендік алымдар мен салық төлемей әкелу жолдарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қазақстандықтар бұл мүмкіндікті тек бір рет қолдана алады. Рәсімдеу үшін кеден бекетіне жүгініп, қажет құжаттарды ұсыну керек.
Керек құжаттар тізімі:
– Жеке куәлік;
– Көліктің құжаты;
– Транспорттық құжаттар (CMR, ТТН, инвойс, транспорт құралының паспорты).
Сонымен қатар жолаушыға арналған кеден декларациясын толтыру қажет. Декларацияны рәсімдеу және тапсыру үшін төлем қажет емес. Алайда рәсімделген соң үш жыл ішінде көлікті Ресей азаматтарына және Ресей аумағында тұратын адамдарға беруге болмайды.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"