Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар қандай университетте білім алған?

Танымал жұлдыздардың көп жағдайда мүлдем басқа салада білім алғандарын байқауға болады. Мысалы, Баян Есентаева журналистика саласында білім алып, артынша 7 жыл кәсіби мамандығы бойынша жұмыс істеген. Десе де, ол өзіне продюсер болудың көбірек ұнайтынын айтады. Ал енді бірі қалауларын бірінші орынға шығарып, өнер саласы бойынша кәсіби білім алған. Қазақстандық жұлдыздардың қандай университетте оқып, қай салада білім алғандарын білгілеріңіз келсе, Stan.kz ұсынған төмендегі ақпаратқа зер салыңыз.

блдб

Димаш Құдайбергенов

Әнші 2014 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіндегі білімін тәмамдап, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Эстрада Өнері» факультетіне оқуға түскен. Жуырда Димаш Америкаға оқуға кетуі мүмкін.

18948227_1203608003094337_2724336079845982208_n

Әли Оқапов

Әнші Күләш Бәйсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта-мектеп интернатында білім алған. 2010 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне түскен. Алайда, әнші бір жылдан кейін оңтүстік астанаға қайтып келіп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясында білім алған.

18580375_226272501203348_7492387155847675904_n

Әлия Телебарисова

«Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылған Әлия Телебарисова Нью-йорк кино академиясының Лос-Анджелес қаласындағы филиалында «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша білім алған.

18889297_1330362320332520_8848189785802539008_n

Санжар Мәдиев

Қазақстандық көрермендерге «Елесті аулау», «Шырша-2», «Алқызыл қоян туралы ертегі» фильмдері арқылы танылған Санжар Мәдиев экономика саласында білім алған. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жүріп «Экономика және бизнес» факультетінің баскетбол құрамасында үздік өнер көрсеткен. Бірнеше жыл бұрын Америкадан шақырту алып, қысқа мерзімді актерлік шеберлік сабақтарын алып қайтты.

10499313_747325922065073_412627688_n

Ернар Айдар

Әнші Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

14567412_636939809819758_5291333104568814892_o

Нұртас Адамбай

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Халықаралық қатынастар» факультетінде білім алып, оқуды қызыл дипломмен тәмамдаған. Ол аталған мамандық бойынша жұмыс істеп үлгерген.

15801946_157433094744759_5575869076451885056_n

Мақпал Исабекова

Әнші 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Қаржы және экономика» факультетіне оқуға түскен. Мұнымен қатар, осы жылы әнші SuperStar kz жобасына қатысып, тағдыры түбегейлі өзгерген. 2009 жылы әнші Ресей театр өнері институтына түседі. Яғни Мақпалды кәсіби әнші деп атауымызға болады.

13320188_1578802759085772_2146427450_n

Ділназ Ахмадиева

Әнші үлкен сахнаға небәрі 4 жасында шыққан. Тіпті, осы уақытта «Таңғажайып алма» фильміне түсіп үлгерген-ді. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде аудармашы-референт мамандығы бойынша білім алады.

18514280_1578906212142009_472883299518251008_n

Айқын Төлепберген

Әнші SuperStar kz жобасынан кейін өнерге кәсіби көзқараспен қарай бастады. Мұнымен қатар, болашақ артист ҚазҰТУ-дың Тау-кен факультетінде білім алған. Артынша Тұран университетінде «қаржыгер» мамандығы бойынша оқыған.

94043-preview-image

Баян Есентаева

Продюсер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алған. Аталған мамандық бойынша Баян ханым 7 жыл бойы жұмыс істеген.

18380074_260014647805336_714105554967986176_n

Қарлығаш Мұхамеджанова

Актриса өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Төлеген Мұхамеджанов – әйгілі композитор, анасы Нұржамал Үсенбаева – опера әншісі. Десе де, актриса ата-анасының жолын қуып, музыка саласына бармады. Қазақ мемлекеттік заң академиясында білім алып, артынша магистратураға тапсырған. Магистратурадан кейін АҚШ-та тәжірибе жинақтап қайтады.

18879478_1535811889786345_9208193102739668992_n

Динара Бақтыбаева

Актриса «Қыз бен жігіт» фильмінің түсірілімдері жүріп жатқан кезде, Алматы энергетика және байланыс университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығына тапсырып үлгерген екен. Бүгінде жас актриса ЖОО қабырғасында білім алып жатыр.

15057204_111662699317584_5471817867299127296_n

Айгүл Иманбаева

1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түседі. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Мұнымен қатар, сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады.

10808525_841942005848499_1379048347_n

Әсел Сағатова

Қалың жұртқа алғаш «Рэкитер» фильмі арқылы танылған актриса Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Аталған факультеттегі білімін қызыл дипломмен тәмамдайды. Бірақ, ол мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Бүгінде тұрмысқа шығып үлгерген актрисаның Алдияр есімді ұлы бар.

18889281_182233528973532_2694404414105452544_n

Бүркіт

Әншінің шын есімі – Айбек Сейітов. Ол батылдық танытып, әскерде Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан. Артист Президент күзетшілері қызметкерлерінің қатарында болған. Осы қызметінен кейін әнші заңгер мамандығы бойынша білім алған.

15802528_1664383520526395_4161781768900313088_n

Әсел Сәдуақасова

Әншілік және актрисалық қырымен танылып үлгерген Әсел Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алған. Оны жұрт «Саранча» телехикаясынан бастап таниды десек те болады. Соңғы кезде тележүргізуші болып жүрген актриса психология саласында білімін шыңдап үлгерген.

19050782_251682601977932_6451298396241133568_n

Алтынай Жорабаева

Әнші Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызмет атқарады.

19050284_1877752365832938_8166874596742529024_n

Дастан Шәкіров

Телехикаялардан жиі бой көрсететін актер Халықаралық бизнес академиясында «Қаржыгер» мамандығы бойынша білім алған. Дастан ағылшын бөлімінде оқыған.

14374285_1812097462359130_1273776657_n

Айсұлу Әзімбаева

Талантты актриса Дубайдағы Америка университетінде білім алған. Ол өзінің өнерге кездейсоқ келгенін айтады.

18581327_1533950199970182_8495859148766838784_n

Гүлнәр Сілбаева

Көп адамның есінде болмаса да, бойжеткен SuperStar kz жобасына қатысқан. Кейін КВН-де өнер көрсеткен. Өзі Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының «Менеджмент және маркетинг» факультетіне оқуға түскен. Бірақ, оқуын жарты жолдан тастап кеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Қызбен сүйісіп тұрған Арынбаевтың ұлы желіні шулатты

КешYou-дің экс-әншісі топтың қазіргі құрамын сынап тастады

Медеу Арынбаевтың ұлы көрікті келбетімен қыздарды ғашық етті (видео)

Баян Есентаева бұрынғы күйеуіне махаббатсыз тұрмысқа шыққанын айтты (видео)

Талқылау