Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

ЭКСПО кезінде өз бизнес жоспарын іске асырғысы келетіндер арасында жеңіл жүрісті қыздар да бар. Олар осы жазда көптеп ақша табуды жоспарлап отыр.

скачанные файлы

Полицейлердің құрығына түспеу үшін жезөкше қыздар алдын ала билет сатып алады, деп хабарлайд 31 арна.

24 жастағы Анжеликаның коммерциялық секспен айналысқанына бес жыл болды. Ол елордалық клиенттердің жомарт екенін айтады. Сондықтан әр жаз сайын Астанаға келеді.

«Жаз кезінде Астанаға баруға тырысам. Биыл әдеттегіден қиын болатын шығар. Өйткені, ЭКСПО болғандықтан полицейлер күн сайын тексеріс жүргізеді. Сондықтан ЭКСПО-ға билет алып, қонақ ретнде баруға тырысамыз», – дейді Анжелика.

Бүгінгі күні 2000 жезөкше ЖИТС дерті есебінде тұр. Олар өздігінен тексеруден өтеді. Анықтама алған соң өзге аймақтарға қызмет көрсетуге аттанады.

«Жеңіл жүрісті қыздардың жеңгетайлары болады. Біз оларды «анасы» деп атаймыз. «Аналары» қыздарының тексеріліп тұрғанын өздері қадағалайды. Күн жылынғанда олар солтүстікке кетеді. Ал, біз жаққа жеңіл жүрісті қыздар жақын шетелдерден келеді», – дейді ОҚО ЖИТС-мен күрес және профилактика орталығының бөлім меңгерушісі Марат Смағұлов.

«Біз сауналарға, жезөкшелер жүретін орындарға барып тексеріс жүргіземіз. Көп жағдайда науқастар ішімдікке мас болып, ашулы күйінде жүреді», – дейді медбике Баян Құлбаева.

Шымкенттік жезөкшелер осылайша халықаралық көрмеде қызмет көрсетуге дайындалып жатыр. ЖИТС орталығы әлі 300-ге жуық коммерциялы секспен айналысушы қыздарды тексеруі керек.

Тағы да оқыңыз:

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Қазақстандағы жерлеу рәсімдері мен құдайы ас беру тәртібі нақтыланды

Маңғыстаулық жігіт өзінен теріс айналған сүйіктісі мен оның інісін атып тастады

Талқылау