Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық студенттер университетте 4 жыл оқымайтын болды
Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқартылатын болды. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап колледжден кейін университетке түскен студенттер ЖОО-ны 2-3 жылда тәмамамдау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Бұл тек колледж бітіргендерге ғана арналады. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алғанда, ендігі төрт жыл оқымай, 2-3 жылда бітіруге болады. », – дейді Сағадиев үкімет кулуарында.
Білім министрінің сөзінше, аталған өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енеді.
Сонымен қатар Сағадиев ендігі жаңа өзгеріске қатысты құжаттар бекітіліп, біртіндеп енгізілетінін айтты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады