Қазақстандық белгілі бапкер көз жұмды
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы өмірден озды.

Қазақстанның футбол федерацясының сайтында хабарланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы 62 жасқа қараған шағында дүние салды. Бауыржан Жолдасұлы “Ақжайык”, ЦСКА”Ордабасы”, “Мұнайшы”, “Намыс”, “Жетісу” және өзге де клубтардың бапкері болған.
“Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтің отбасына көңіл айтады. Ол туралы естеліктер біздің есімізде мәңгі қалады”, — делінген ҚФФ-ның сайтында.
Тағы да оқыңыз:
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?