Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел АҚШ-та ерлігі үшін марапатқа ие болды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті International Women of Courage Award-2018 сыйлығының иелерінің тізімін жариялады. Аталған сыйлық әр елдегі ерлік көрсеткен әйелдерге беріледі. Биыл жеңімпаздар арасында қазақстандық қорғаушы Айман Омарова бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сурет: Жанна Омарованың Facebook желісіндегі парақшасынан

23 наурызда International Women of Courage Award-2018 сыйлығы 10 әйелге берілетін болады. Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан табыстайды.

Марапаттау рәсімінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп сөз сөйлейді.

«International Women of Courage Award сыйлығы 2007 жылдан бері ерлік танытқан әйелдерге беріліп келе жатыр. Сол уақыттан бері АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті сыйлықты 65-тен аса елдегі 120 әйелге табыстады», – делінеді Мемлекеттік департамент хабарламасында.

Айман Омаровадан бөлек, аталған сыйлыққа Ауғанстан, Гватемала, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия мемлекеттерінің әйелдері лайық деп танылды.

Оқи отырыңыз:

Желі қолданушылары әлемдегі ең бай адамның “итімен” түскен суретін көріп, оған “қауіп төніп тұрғанын” ескертті

АҚШ-та ер адам қолының саусағын кесіп алып, орнына аяғының башпайын ауыстырып салған

Қырғызстанда ер адам базарда ес-түссіз жатқан қызды зорлап тастады

Талқылау