Қазақстандықтарға зейнетақыларын тәуекелді активтерге салуға рұқсат беріледі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтерін инвестициялау ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Тиісті қарар жобасы 16 қаңтарға дейін “Ашық НҚА” порталында талқылауға ашық.
Қазір қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банк және тағы бес жеке компания – Halyk Finance, Jusan Invest, Centras Securities, Halyk Global Markets және BCC Invest басқарады.
Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы активтерін басқарушылар енді инвестициялық портфельдің бірнеше түрін құра алады. Олар консервативті портфель, қалыпты портфель, тәуекелді портфель.
Зейнетақы жинақтарын шоттан шешіп алу қартайғанда алатын төлемге қалай әсер етеді
Осылайша, қазақстандықтардың зейнетақыларын инвестициялайтын құралдар саны артты. Әрбір портфель үшін менеджерлер жеке инвестициялық декларацияны әзірлейді.
Алайда тек 13 немесе одан да көп жылдан кейін зейнетке шығатын қазақстандықтардың ғана зейнетақы жинақтарын тәуекелді активтерге инвестициаланады.
Ережеде сондай-ақ Ұлттық Банк пен жеке менеджерлер зейнетақы активтерін шетел валютасындағы қаржы құралдарына белгілі бір мөлшерде инвестициялай алады:
- консервативті портфельдің зейнетақы активтері құнының 30%-ына дейін;
- қалыпты портфельдің зейнетақы активтері құнының 60%-ына дейін;
- тәуекелді портфельдің зейнетақы активтері құнының 80%-ына дейін.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігі орташа алынған номиналды кірістілік коэффициенті құнының 70 пайызын құрайды.
Еске салсақ, Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды.