Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға қатты аяздың алдын ала сақтық шаралары ескертілді

ҚР ІІМ сақтық шаралары туралы ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеп.

Қаңтардың алғашқы күндерінде республика аумағында қатты салқындау, сондай-ақ желдің күшеюі күтілуде, жолдарда көктайғақ болады.  Азаматтар көктайғақ пен температураның төмендеуінің салдарынан  автокөліктің, жол қызметтерінің жұмысында ауытқулар туындауы, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының саны артуы мүмкін екенін ескеруі қажет.

Мамандар жүргізушілерге ауа райы жағдайларын ескеруге, бұл күндері, әсіресе, қатты жел мен бұрқасын кезінде көктайғақта ұзақ сапарлардан аулақ болуға кеңес береді. Егер жүргізушілік шеберлігіңізге сенімді болмасаңыз, рөлге отырмай, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз.

Аязда серуендеуден, табиғатта демалудан, балық аулаудан, шаңғымен сырғанаудан да аулақ болған жөн. Алкогольді асыра пайдаланбаңыз. Алкоголь суықты сезу сезімталдығын төмендетіп, өз-өзіңізді басқаруды жоғалтуға себеп болады.

Ата-аналар балалардың қалай киінгенін тексеріп, көшедегі қозғалыстарын бақылап, өздерінен алысқа жібермеуі керек. Ауылдық жерлерде бұрқасын мен қар болғанда, үйден қатты қажет болған кезде ғана шығу керек. Отбасыңызға немесе көршілеріңізге қайда барғаныңызды және қашан оралатыныңызды ескерткен жөн. Егер елді мекендер арасында сапарға шығу қажеттілігі туындаса, сіз тек үлкен және тас жолдармен жүре аласыз.

Машинадан шыққан кезде одан алыстауға болмайды. Жолда тоқтап қалсаңыз, үзіліссіз сигнал беру керек. Көмекті автокөлікте күту керек, желдету үшін әйнекті ашып, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде көміртегі тотығымен улануды болдырмау керек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында ауа температурасы 32-37 градусқа дейін, кей жерлерде 42 градусқа дейін төмендейді. Алматы және Жамбыл облыстарында 20-25 градусқа дейін, ал солтүстікте 30 градусқа дейін аяз болады. Елордада Жаңа жыл қарсаңында 28-30 градус нөлден төмен болады деп болжануда.

Метеожағдайдың нашарлауы туралы ескерту аумақтық полиция бөлімшелерінің барлық басшыларына жіберілді. Ішкі істер министрі ведомствоға қарасты аумақтағы бөліністерге ауа райының өзгеруін бақылауды ұйымдастыруды, халыққа көмек көрсету үшін қосымша күш бөлуді тапсырды.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр