Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескерту жасалды
Әлеуметтік желі қолданушылары алаяқтықтың жаңа түрі жайлы мәлімдеді. Олардың сөзінше, алаяқтар Kaspi Bank аударымдарының чегін бірнеше секундта жасай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жалған чек жасау үшін алаяққа бар болғаны аударым операциясы жасалған уақытты, ақша жіберілген адамның аты және соммасын Telegram-ботқа жіберсе жеткілікті.
Банкте алаяқтардың құрбаны болмау үшін ақшаның есепшотқа түскенін бірден тексеру қажет екенін айтты.
"Сатып алу, банкоматтан ақша шешу немесе мобильді аударымдар кезінде қосымшадағы "Хабарламалар" бөліміне ескертпе келеді. Барлық жүргізілген операциялар жайлы толық ақпаратты да қосымшадан көре аласыздар", - деді банктің баспасөз қызметіндегілер.
Банк қызметкерлері Telegram-ботты бұғаттау үшін барлығын жасайтындарын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда көлік алып береміз деген алаяқтар 280 адамды алдаған еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды