Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 25 адам өздері білместен бір пәтерді жалға алған

2021 жылы елорда аумағында интернет алаяқтар бойынша 600-ден астам іс ашылып, бірнеше адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде әсіресе онлайн сатып алуға байланысты алаяқтардан зардап шеккендер көбейген. Олар жалған жарнамалар жасап, ұялы телефон, жиһаз, алтын бұйымдары және басқа да тауарларды айтарлықтай жеңілдіктермен сатуда.

Мәселен, елордада пәтерлерді жалға беруші 8 тұлға ұсталды, олардың ішінде 32 жастағы әйел де бар. Ол жалған құжат жасап алып, бір күнде 25 астаналыққа өткізіп, 800 мың теңге олжалаған. Қазір алаяқ әйел тергеу изоляторында.

Сондай-ақ Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны120 адамды алдап, спорттық ставкалармен ақша табуға уәде берген. Арамзалардың енді бір тобы адамдарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырып, карталарынан ақша жымқырған.

"Оlх" және "Колеса" жеке хабарландырулар сайтының пайдаланушылары да зардап шекті. Осы сайт арқылы жоқ тауарды саудалаған. Мұндай әрекеттерден 400 азамат зардап шекті дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында елордалық полиция департаменті мынаны ескертеді:

  • банк карталарының деректері мен CVV-код, құпия сөзді ешкімге айтпаңыз;

  • тауарды алмай жатып, ақы төлемеңіз.

  • онлайн-кредиттердің рәсімделуін болдырмау үшін дербес деректерді бөгде адамдарға бермеңіз;

  • тауарды, ақшаны көбейту бойынша күмәнді акцияларға қатыспаңыз;

  • көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеріңіз (olx-жеткізу, жылжымайтын мүлікті жалға беру, мөлшерлемелерде ақшаны жылжыту және т.б.).

Талқылау