Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың намысына тиген "Борат" фильмінің жалғасының атауы белгілі болды

"Борат" фильмінің жалғасы қалай аталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Consequence sound порталына сілтеме жасай отырып.

Фильм болжам бойынша былай аталады:  "Борат: порнографиялық маймылдың вице-премьер Микаэль Пенске жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйы" (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make benefit Recently Diminished Nation of Kazakhstan). Бұл атау Америка Жазушылар гильдиясының құжаттарында жарияланған. Сілтеме бойынша жарияланған құжат қазір уақытша қолжетімсіз.

Дереккөздердің хабарлауынша, алғашқы сынақ көрсетілім өткен аптада өтті.

АҚШ-тың Бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше жоғары лауазымды шенеунік, соның ішінде АҚШ вице-президенті Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және басқалары да фильмде көрсетіледі деп хабарлады.

"Бораттың" сиквелі туралы қауесет алғаш рет осы жылы айтыла бастады

"Борат" комедиясының бірінші бөлімі 2006 жылы жарық көрді. Онда автор ойдан шығарылған кейіпкер - қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің бейнесін пайдалана отырып, ешқашан барып көрмеген ел жайлы баяндайды. Фильм әлемде айтарлықтай резонанс тудырды, Қазақстанда ол қатты сынға ұшырады және көрсетуге тыйым салынды.

 

Талқылау